Бүгін: 20.06.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін біз сіздермен зертханада қауіпсіздікті сақтау біздің ортақ ісіміз екендігі туралы бірнеше маңызды ойлармен бөліскіміз келеді.

Ағымдағы жылдың 12-15 ақпан аралығында Республикалық ветеринариялық зертханасының Павлодар облыстық филиалының зертханалары базасында қызықты және пайдалы семинар өтті, онда облыстық және өңірлік филиалдардың азық-түлік қауіпсіздігі зертханаларының меңгерушілері тәжірибе алмасты.

Республикалық ветеринариялық зертхана Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен және «Омбы агарлық ғылыми орталығы» ФМБҒО-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында РВЗ РМК-ның облыстық/өңірлік филиалдарының Жануарлар ауруларының диагностикасы зертханаларының меңгерушілері үшін «Зертханалардағы биоқауіпсіздік негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру және ветеринариялық зертханаларының меңгерушілері арасында өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

РВЗ бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Кәсіпорын басшысы ұжыммен кездесіп, үй-жайларды қарап, өзекті мәселелерді талқылады.

Қалтаев Асқар Жорабекұлы – өз ісіне адалдығы мен биік шыңға ұмтылуы оны ветеринария саласында лайықты мойындауға әкелген нағыз кәсіби маманның үлгісі. Оның тәжірибесі мен білімі Қазақстанның ветеринариялық қызметі үшін таптырмас байлыққа айналды, онда ол мал ауруларының алдын алу және күресумен табысты айналысады.