Бүгін: 28.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
РВЛ бас директорының Ақмола облысындағы филиалға жұмыс сапары
 
РВЛ Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев кәсіпорынның Ақмола облысындағы филиалына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында компания басшысы ұжыммен кездесіп, үй-жайларды тексерді.
Жылыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. RVL басшылығы үшін қызметкерлердің ыңғайлы жұмыс істеуі және кабинеттердің жылы болуы маңызды. Ол сондай-ақ қызметкерлермен олардың қажеттіліктері мен күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтарын талқылады.
Ақмола облысындағы филиалға бару бас директорға ұжыммен сөйлесуге, олардың еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі пікірлері мен ұсыныстарын тыңдауға мүмкіндік берді. Мұндай сапарлар компания басшылығына барлық өзекті мәселелерден хабардар болуға және оңтайлы шешімдерді табуға көмектеседі.
Компания басшысының сапары жемісті аяқталды және ол филиалдың табысты жұмысына үміт білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облыстық филиалының қызмет көрсету аймағына: Ақкөл ауданы, Бурабай ауданы, Жақсы ауданы, Жарқайың ауданы, Атбасар ауданы, Бұланды ауданы, Еңбекшілдер ауданы, Есіл ауданы, Сандықтау ауданы, Зеренді ауданы, Степногорск қаласы, және Көкшетау қалалары кіреді.
Ақмола облыстық филиалы және аудандық ветеринариялық зертханалары білікті мамандармен және заманауи құралдармен жабдықталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 11-бабына сәйкес кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыру болып табылады:
- уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы.
Сондай-ақ, мемлекеттік монополия функцияларымен технологиялық байланысты кәсіпорынның қызметіне мыналар жатады:
-зертханалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
- өлшеу құралдарын тексеру және сынақ жабдықтарын аттестаттау;
- дезинфекция сапасын бактериологиялық зерттеу;
- биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою.
Ақмола облысы филиалы және Атбасар аудандық ветеринариялық зертханасы МЕМСТ/ISO 17025 сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар бойынша аккредиттелген.
Ақмола облысы филиалы патогенді II-III-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар.