Бүгін: 27.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен кездесу
РВЗ басшылығы үшін қаңтар айы аймақтарға жұмыс сапарларымен ерекшеленді. Бас директор Елшібаев Темірхан Амантайұлы бірнеше облыстық және аудандық филиалдарда болды.
Бірақ кездесулер тек РВЗ қызметкерлерімен болған жоқ. Осындай сапарлардың бірінде Т.А. Елшібаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен кездесті. Мәдібек Қанатбек өз саласындағы ветеринария мәселелеріне жетекшілік етеді, сондықтан кездесу өзара ынтымақтастық аясында өтті. Өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздікті жақсарту үшін ықтимал өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ диагностикалық зерттеулер жоспары және оның орындалуы талқыланды.
Кездесу барысында ветеринариялық сертификаттау, ветеринариялық-санитариялық сараптама, тамақ өнімдеріне зертханалық зерттеулер жүргізу мәселелері көтерілді. РВЗ Бас директоры мал шаруашылығы өнімдерінің айналымы кезіндегі ветеринариялық қауіпсіздік, жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша өңір аумағының эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету РВЗ қызметінің негізгі міндеттері болып табылатынына назар аударды.