Цифрлық сервистерді дамыту және халыққа қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Жаңа сайт пайдаланушылар үшін қазіргі заманғы, ыңғайлы және функционалды болды. Жаңарту барысында сайттың құрылымын жақсартуға, навигацияның ыңғайлылығына, ақпараттың қолжетімділігіне және жаңа цифрлық қызметтерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Жаңасы не?
- Сайттың заманауи дизайны және жаңартылған құрылымы;
- Қолжетімді навигация және қажетті ақпаратты тез іздеу;
- Қызметтерді онлайн тапсыру мүмкіндігі;
- Сайт арқылы қызметтерге онлайн ақы төлеу;
- Оқу-әдістемелік орталығының жаңа бөлімі;
- Ақпаратты жедел алу үшін чат-бот;
- Бүкіл Қазақстан бойынша филиалдар туралы өзекті ақпарат;
- Мобильдік құрылғыларға бейімделу.
Жүргізілген жаңғырту пайдаланушылардың қызмет көрсету сапасын арттыруға, Кәсіпорынның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және Республикалық ветеринариялық зертхана қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сайттың жаңа мүмкіндіктерімен танысуға шақырамыз: www.rvl.kz














