Оқудың практикалық бөлігі Астана өңірлік филиалы базасында, ал лекциялық — Оқу-әдістемелік орталығының базасында өткізілді.
Оқуға Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Астана қалаларының 16 филиалының меңгерушілері, ветеринариялық дәрігерлері мен лаборанттары қатысты.
Зерттеуді Мәскеуден шақырылған маман — ғылыми-өндірістік кәсіпорынның жетекші сарапшысы Литех Сорокин Иван өткізді.
Жүргізілген оқу бруцеллезді диагностикалау бойынша мамандардың құзыреттілік деңгейін арттырды, бұл зертханалық зерттеулердің сапасын және бүкіл ел көлемінде биологиялық қауіпсіздікті жақсартуға тікелей ықпал етеді.







