Қазақстан мен Чехия арасындағы табиғатты сақтау жөніндегі бірлескен жоба сәтті іске асырылуда.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайта енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асырады.
Осы бастама аясында Пржевальский тұқымының жылқылары Чехия мен Венгриядан Қостанай облысындағы Алтын Дала мемлекеттік табиғи қорығына жеткізілді.
Жобаны ветеринариялық сүйемелдеу мақсатында Республикалық ветеринариялық зертхананың Астанадағы өңірлік филиалының ветеринариялық дәрігері Салтанат Тынысбековна Каратаева Венгрияда биологиялық сынамаларды жинауға қатысады.
Жоба биологиялық әртүрлілікті сақтау және еліміздің экологиялық орнықтылығын нығайту ісінде маңызды қадам болып табылады.

























