ФАО-ның халықаралық сарапшылары бруцеллезге қарсы күрес миссиясы аясында Астана қаласындағы Ерейментау аудандық ветеринариялық зертханасы мен өңірлік ветеринариялық зертханаға барды

Главная страница » Жаңалықтар » ФАО-ның халықаралық сарапшылары бруцеллезге қарсы күрес миссиясы аясында Астана қаласындағы Ерейментау аудандық ветеринариялық зертханасы мен өңірлік ветеринариялық зертханаға барды

Сапар барысында мамандар зертханалардың техникалық жабдықталуымен, бруцеллез диагностикасының әдістерімен және ауруды бақылаудың қолданыстағы рәсімдерімен танысты, сондай-ақ жергілікті ветеринариялық мамандармен талқылады, тәжірибе алмасты және зертханалық зерттеулерді жақсарту бойынша ұсынымдар берді.

Ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру және бруцеллезді диагностикалау мен алдын алудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша бруцеллезге қарсы күрес шараларын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді, оның ішінде зертханалық мониторингті күшейту, мамандардың біліктілігін арттыру және диагностиканың жаңа технологияларын енгізу.

Фото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото поста

Актуальные новости