Жаңа жыл мерекесі аясында Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап , кәсіпорынның және жалпы ветеринариялық саланың дамуына қосқан үлесін атап өтті

Главная страница » Жаңалықтар » Жаңа жыл мерекесі аясында Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап , кәсіпорынның және жалпы ветеринариялық саланың дамуына қосқан үлесін атап өтті

Бас директор кәсіпорын қызметкерлерін еңбекқорлығы мен кәсібилігі үшін көтермелеп, лауазымдық жалақының 200% мөлшерінде сыйлық тағайындады.

ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы төс белгісімен марапатталған:

— Есенбаева Айгүл Қайыржановна бас бухгалтер, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы

— Керимбаева Алтынай Өскенбаева Стратегиялық жоспарлау , тәуекелдерді бағалау және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы

— Жандарбеков Сабит Нұсупжанович зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы

— Бекетов Ерлан Ералиевич еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі бөлімінің басшысы

— Қасенов Думан Жомартович мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

— Сырғабеков Алия Саратовна стратегиялық жоспарлау , тәуекелдерді бағалау және сыртқы байланыстар бөлімінің бас сарапшысы

II дәрежелі Еңбек даңқы көкірек белгісімен марапатталған:

— Ескендеров Ғабит Телхожаевич Бас директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

— Нұғайбаева Айгүл Сарқытқановна өндірістік бақылау және аккредиттеу бөлімінің басшысы

— Испуллаев Анвар Ақинович кәсіподақ төрағасы

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің грамотасымен Жандарбеков Сабит Нұсупжанұлы марапатталды.

Бас директор сондай-ақ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің сарапшысы Нуғайбаева Ермеккул Жамхановнаны құттықтап, оған «Елеулі еңбегі үшін» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының медалі мен «Еңбек даңқы I дәрежелі» төсбелгісін тапсырды.

Бұл наградалар кәсіпорынның позицияларын нығайтатын және елдегі ветеринариялық қызметтің дамуына ықпал ететін қызметкерлердің еңбек сіңіргенін мойындайды.

Актуальные новости