Республикалық ветеринариялық зертхана өз үдерістерін автоматтандыру және жұмыс тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды белсенді енгізеді

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхана өз үдерістерін автоматтандыру және жұмыс тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды белсенді енгізеді

Бас директордың бастамасымен зертханада ауқымды цифрландыру жүргізілуде:

— Жұмыс уақытын бақылау жүйесі Clockster: қызметкерлердің келуін нақты есепке алу, ауысымдарды басқару және жалақыны есептеу үшін енгізілген. Бұл жұмыс процестерін оңтайландыруға және қызметкерлердің тәртіптерін арттыруға мүмкіндік береді.

— Интерактивті сенсорлық панельдер: презентациялар өткізу және ақпарат алмасу үшін сатып алынған. Бұл құрылғылар жұмыстың икемділігі мен интерактивтілігін қамтамасыз етеді, қызметкерлердің өзара тиімді қарым-қатынасына ықпал етеді.

— Бейометриялық бет тану жүйесі: жұмыс орындарына қол жеткізу кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру және идентификациялау процестерін жеделдету үшін Clockster компаниясымен ынтымақтастық аясында сый ретінде ұсынылды. Жүйе сенімді қорғаныспен қамтамасыз етеді және рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайды.

Сонымен қатар, келесі жылы диагностикаларды қазіргі заманғы есепке алу және есептен шығару үшін Sim Base бағдарламасын енгізу жоспарлануда. Бұл жүйе есепке алу және қорларды қамтамасыз ету кезінде қателіктердің мүмкіндігін болдырмайды, материалдардың шығынын бақылауға және жаңаларын уақтылы тапсыруға мүмкіндік береді, бұл тапшылық тәуекелін азайтады және дәстүрлі операцияларды орындау уақытын қысқартады. Деректерді тіркеу және есеп беру процесі айтарлықтай жылдам және тиімді болады.

Бұл бастамалардың артықшылықтары анық: есепке алудың дәлдігін арттыру, ішкі коммуникацияны жақсарту, қауіпсіздікті күшейту және жұмыс процестерін оңтайландыру.

Фото постаФото постаФото постаФото поста

Актуальные новости