Жұмыс кездесуіне Республикалық ветеринариялық зертхананың Астана өңірлік филиалының директоры Гүлнар Оралбайқызы Әлімжанова және зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Сабит Нұсіпжанұлы Жандарбеков те қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінетін өнімдерге ветеринариялық бақылауды ұйымдастыру бөлігінде қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілер талаптарын іске асыру мәселелері қаралды. Бақылауға жататын өнімдерге зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібіне, сынамалар алуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ветеринариялық бақылаудың аумақтық бөлімшелері мен Республикалық ветеринариялық зертхананың зертханалық желісі арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Тараптар зерттеулерді аккредиттелген зертханаларда жүргізу тетіктерін, сынамаларды іріктеу, тасымалдау және зерттеу кезеңдерінің барлығында ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын, сондай-ақ зертханалық зерттеу нәтижелері алынғанға дейін ветеринариялық бақылауды қамтамасыз ету тәртібін талқылады. Сонымен қатар ілеспе құжаттаманы дұрыс ресімдеу, үлгілерді таңбалау, материалдарды зертханаларға уақтылы жеткізу және жүргізілетін зерттеулердің қадағалануын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Кездесу аясында зертханалық желінің импортталатын өнімдерге зерттеулер жүргізуге дайындығы, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, бақылау іс-шараларының тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасының аумағында зертханалық бақылауды ұйымдастыру кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі нарықты қорғауға, мемлекеттік ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыруға және жануарлардан алынатын өнімдердің айналымы саласындағы халықаралық талаптардың сақталуына бағытталған сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайындық расталды.







