Аталған наградалар Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаевтың Жарлығымен адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және ветеринариялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін берілді.
Бұл — еліміздегі эпизоотикалық, биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өмірін арнаған мамандардың еңбегін жоғары мемлекеттік марапаттау. Елшібаев Темірхан Амантаевичтің басшылығымен Республикалық ветеринариялық зертхана зертханалық процестерді жаңғырту, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру және халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Ауыл шаруашылығы министрі өз сөзінде ветеринариялық зертхана ұжымының жетістіктері саланың орнықты дамуына және отандық ветеринариялық жүйенің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Республикалық ветеринариялық зертхана ұжымы Елшібаев Темірхан Амантайұлы мен Маатыр Қайыргелдіұлы Мадиаровты жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтап, еліміздің игілігі үшін денсаулық, әл-ауқат және табыстар тілейді.






