Сапардың негізгі мақсаты жұмыс істеп тұрған зертхананың екінші қабатта жүргізілетін жөндеу жұмыстарының барысын бағалау болды.
Заманауиландырылған объектіні ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы аймаққа зертханалық жабдықтар беру туралы келісім шеңберінде қарастырылған. Бұл жоба ветеринария және санитарлық бақылау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Сапар барысында бас директор зертхананы қарап, үй-жайлардың жай-күйін бағалады және жөндеу жұмыстарының ағымдағы кезеңдерімен танысады.
Сондай-ақ, сапар шеңберінде Т.А. Елшібаев облыстық зертхана директорымен және жобаға тартылған мамандармен кездесу өткізді.
Лабораторияны жаңғырту және жөндеу өңірдің ветеринариялық қызметтерінің сапасын жақсартуда маңызды кезең болып табылады. Бұл жобаны іске асыру диагностика деңгейін айтарлықтай арттыруға, эпизоотиялық қауіпсіздікті нығайтуға және ветеринариялық саланың міндеттерін тиімді шешу үшін заманауи инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді.
















