Кәсіпорынның бас директоры Т.А. Елшібаевтың бастамасымен 2025 жылғы 26 ақпаннан 18 наурызға дейін Астана өңірлік филиалының Оқу-әдістемелік орталығы мен зертханасы базасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми-зерттеу университетінің 4 курсының Азық қауіпсіздігі мамандығы студенттері үшін оқу-клиникалық тәжірибе өтті.
Практика барысында студенттер оқу-әдістемелік орталықтың қызметімен және зертхананың негізгі жұмыс процестерімен танысты, филиал мамандары өз тәжірибесін бөлісіп, зертханалық зерттеулер мен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылаудың негізгі аспектілеріне арналған презентация өткізді.
Студенттер үшін Лекциялар мен экскурсияларды Саят Төлебайұлы Байсеитов, Қуанышбай Оралбайұлы Сырманов және Асылбек Ералиулы Сейілбеков өткізді.
Мұндай практикалық сабақтар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Олар студенттерге теориялық білімді тәжірибемен біріктіруге және заманауи зертханаларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі.





















