2025 жылдың 26 ақпанынан 18 наурызына дейін Астана өңірлік филиалының Оқу-әдістемелік орталығы мен зертханасы базасында 4 курс студенттері үшін оқу-клиникалық тәжірибе өтті

Главная страница » Жаңалықтар » 2025 жылдың 26 ақпанынан 18 наурызына дейін Астана өңірлік филиалының Оқу-әдістемелік орталығы мен зертханасы базасында 4 курс студенттері үшін оқу-клиникалық тәжірибе өтті

Кәсіпорынның бас директоры Т.А. Елшібаевтың бастамасымен 2025 жылғы 26 ақпаннан 18 наурызға дейін Астана өңірлік филиалының Оқу-әдістемелік орталығы мен зертханасы базасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми-зерттеу университетінің 4 курсының Азық қауіпсіздігі мамандығы студенттері үшін оқу-клиникалық тәжірибе өтті.

Практика барысында студенттер оқу-әдістемелік орталықтың қызметімен және зертхананың негізгі жұмыс процестерімен танысты, филиал мамандары өз тәжірибесін бөлісіп, зертханалық зерттеулер мен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылаудың негізгі аспектілеріне арналған презентация өткізді.

Студенттер үшін Лекциялар мен экскурсияларды Саят Төлебайұлы Байсеитов, Қуанышбай Оралбайұлы Сырманов және Асылбек Ералиулы Сейілбеков өткізді.

Мұндай практикалық сабақтар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Олар студенттерге теориялық білімді тәжірибемен біріктіруге және заманауи зертханаларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

Фото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото постаФото поста

Актуальные новости