Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры айқындаған курсты қолдау және жалғастыру шеңберінде 2026 жылы Кәсіпорын объектілерінің инженерлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуға, биологиялық және өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ зертхана желісі қызметкерлері үшін қазіргі заманғы және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру көзделген.
Жұмыс негізгі бағыттарының бірі объектілерді инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту болып табылады, оның ішінде ағыу-түсіру желдеткіш жүйелерін салу және жаңғырту, объектілерді орталықтандырылған инженерлік коммуникацияларға қосу, ғимараттарды реконструкциялау және өндірістік инфрақұрылымды жаңарту.
Объектілердің энергия тиімділігін арттыру, бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану, пайдалану шығындарын оңтайландыру және жылумен жабдықтау, желдеткіш және инженерлік коммуникациялар саласындағы қазіргі заманғы экологиялық бағыттағы шешімдерді енгізу мәселелеріне басым назар аударылады.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру объектілерді пайдаланудың тұрақты және технологиялық тәсілдеріне көшуді қамтамасыз етуге, инженерлік жүйелердің сенімділігін арттыруға, филиалдардың жұмыс істеу шарттарын жақсартуға және Қазақстан Республикасының ветеринариялық зертханалық желісінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:
- 5 объектіде ағызу-түсіру желдету жүйелерін орналастыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары;
- объектілерді газбен жабдықтау , сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау орталықтандырылған жүйелеріне қосу;
- шатырды қайта жаңарту және объектілерді күрделі жөндеу бойынша жобаларды іске асыру;
- техникалық зерттеулер жүргізе отырып , бірқатар объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
- технологиялық өзгерістер мен пайдаланудың қазіргі талаптарын ескере отырып, жаңа объектілерді салу және жобалық шешімдерді түзету.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында және Астана қаласында өңірлік және облыстық филиалдардың объектілеріне ерекше назар аударылады.
Осы іс-шараларды жүйелі түрде іске асыру Республикалық ветеринариялық зертхананың инженерлік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, қазіргі заманғы технологияларды енгізуге және Қазақстан Республикасының зертханалық желісінің орнықты және қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуге жүйелі көзқарасын көрсетеді.























