Тексеру FAO-Laboratory Mapping Tool (FAO-LMT) құралдарын пайдалана отырып жүргізілді және инфрақұрылымды, техникалық жабдықтарды кешенді бағалауға және биологиялық қауіпсіздік стандарттарын сақтауға бағытталған.
Бағалауды халықаралық деңгейдегі сарапшылар Республикалық ветеринариялық зертхананың өкілдерімен бірлесіп өткізді.Жабдықтардың сапасына, зертханалық процестерді қамтамасыз етуге және биологиялық тәуекелдерді болдырмау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ диагностикалық тиімділікті арттыру және эпизоотиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін зертханалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Тексеру аясында зертхана қызметкерлері үшін диагностиканың заманауи құралдарын пайдалану және биологиялық қауіпсіздік стандарттарын қолдау бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Қатысушылар халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға және ағымдағы процестерді жақсарту бойынша ұсынымдарды алуға мүмкіндік алды.
Тексеру нәтижелері зертханалар желісін одан әрі нығайтуға және алдыңғы қатарлы жұмыс әдістерін енгізуге негіз болады. Мұндай тәсіл ветеринариялық диагностикадағы қазіргі қиындықтарды тиімді жеңуге мүмкіндік береді және зертхананың өз саласындағы көшбасшы мәртебесін растайды.
Халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған жұмыс зертхана қызметтеріне сенім деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жануарлар мен адамдардың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарып, өңірлерде тұрақты эпизоотикалық жағдайды қамтамасыз етуге ықпал етеді.






























