Газбен жылытуға көшу — экономикалық тиімділік пен инфрақұрылымды жаңғырту

Главная страница » Жаңалықтар » Газбен жылытуға көшу — экономикалық тиімділік пен инфрақұрылымды жаңғырту

РВЗ бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың тапсырмасы бойынша Республикалық ветеринариялық зертхананың Астана өңірлік филиалы газбен жылыту жүйесіне көшті. Жоба пайдалану шығындарын азайтуға, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Есептеулерге сәйкес, жылыту маусымында дизель отынына жұмсалатын шығын 34,37 млн теңгеден астам болған. Табиғи газға жоспарланған шығын шамамен 2,76 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде жылыту маусымындағы есептік үнем 31,61 млн теңгені немесе шамамен 92%-ды құрайды.

Жылыту жүйесін жаңғырту — филиалдың инженерлік инфрақұрылымын жаңартудағы және кәсіпорын қаражатын тиімді пайдаланудағы маңызды қадам.

РВЗ зертханалық бөлімшелердің инфрақұрылымын жетілдіру және олардың тұрақты жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Актуальные новости