Республикалық ветеринариялық зертханада қызметкерлерге материалдық көмек көрсету қорытындылары шығарылды

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертханада қызметкерлерге материалдық көмек көрсету қорытындылары шығарылды

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Т.А. Елшібаевтың тапсырмасына сәйкес қызметкерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

2026 жылғы қаңтар–қазан айлары аралығында 636 қызметкерге жалпы сомасы 65,091 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Қаражат қызметкерлерге өміріндегі маңызды жағдайларға байланысты қолдау көрсетуге бағытталды. Атап айтқанда, балаларды жаңа оқу жылына дайындау мақсатында 463 қызметкерге, бала тууына байланысты 91 қызметкерге, жақын туысының қайтыс болуына байланысты 65 қызметкерге, сондай-ақ некеге тұруына байланысты 17 қызметкерге материалдық көмек берілді.

Материалдық көмектің басым бөлігі балаларды мектепке дайындауға бағытталды. Осы мақсатқа 49,607 млн теңге бөлінді. Бала тууына байланысты 8,217 млн теңге, жақын туысының қайтыс болуына байланысты 5,795 млн теңге, ал некеге тұруға байланысты 1,47 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Материалдық көмек көрсету – кәсіпорынның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыс қызметкерлерге қолдау көрсетуге, олардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға және қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Актуальные новости