Республикалық ветеринариялық зертхана ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшерін анықтау бойынша зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуде

Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық ветеринариялық зертхана ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшерін анықтау бойынша зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуде

«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 19–30 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының базасында кәсіпорын мамандарына масс-спектрометриялық детекторы бар жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы (ЖТСХ-МС) әдістері бойынша арнайы оқыту курсы өткізілді.

Курс барысында қызметкерлер үш әдістемелік нұсқауды: ГОСТ 34678-2020, МУ А 1-073 және МУ А 1-078 құжаттарында белгіленген әдістерді меңгерді. Оқыту сынамаларды дайындау, зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді бағалау кезеңдерін қамтыды.

2026 жылдың басынан бері РВЗ өз күшімен 67 көрсеткішті қамтитын 14 әдістемені әзірлеп, қолданысқа енгізді. Бүгінде филиалдар 59 көрсеткіш бойынша зерттеулер жүргізуде. Қалған 8 көрсеткіш бойынша әдістемелерді әзірлеу және енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мамандарды даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері ЖТСХ-МС бағыты бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға шамамен 700 академиялық сағат бөлінді.

Жүзеге асырылып жатқан шаралар анықталатын ветеринариялық препараттар қалдықтарының тізбесін кеңейтуге, зертханалық зерттеулердің қолжетімділігін арттыруға және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Актуальные новости