10-14 наурыз аралығында ФАО-ның Еуропа және Орталық Азиядағы Өңірлік кеңсесінің мамандары, оның ішінде Д-р Даниэль Белтран-Алькрудо және Д-р Чему Бласко ветеринариялық қызмет өкілдерімен кездесулер өткізді, бруцеллезге қарсы іс-қимылдың қолданыстағы стратегияларын талқылады және жергілікті фермерлермен консультациялар алу үшін өңірлерге барды.
12 наурызда ФАО сарапшылары Ақмола облысының зертханаларының жұмысымен танысып, 13 наурызда Республикалық ветеринариялық зертханаға барады. Сапарлар барысында эпизоотиялық жағдайды диагностикалау, вакцинациялау және мониторингілеу әдістері, сондай-ақ ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады.
Бұл сапар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуда және Қазақстанда бруцеллезге қарсы күрестің озық тәжірибесін енгізуде маңызды кезең болып табылады.






