Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсын жаңғырту және жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді

Главная страница » Жаңалықтар » Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсын жаңғырту және жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді

Цифрлық сервистерді дамыту және халық үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Жаңа сайт пайдаланушылар үшін заманауи, ыңғайлы әрі функционалды бола түсті. Жаңарту барысында сайт құрылымын жетілдіруге, навигацияның қолайлылығына, ақпараттың қолжетімділігіне және жаңа цифрлық сервистерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Қандай жаңалықтар бар?
  • Заманауи дизайн және жаңартылған сайт құрылымы;
  • Қолайлы навигация және қажетті ақпаратты жылдам іздеу мүмкіндігі;
  • Қызметтерге онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі;
  • Сайт арқылы қызметтерге онлайн төлем жасау;
  • Оқу-әдістемелік орталықтың жаңа бөлімі;
  • Ақпаратты жедел алу үшін чат-бот;
  • Қазақстан бойынша филиалдар туралы өзекті ақпарат;
  • Мобильді құрылғыларға бейімделген нұсқа.

Жүргізілген жаңғырту пайдаланушылардың қызмет көрсету сапасын арттыруға, Кәсіпорынның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және Республикалық ветеринариялық зертхана қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүргізілген жаңғырту жұмыстары пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, Кәсіпорынның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және Республикалық ветеринариялық зертхана қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сайттың жаңа мүмкіндіктерімен танысуға шақырамыз: www.rvl.kzСайттың жаңа мүмкіндіктерімен танысуға шақырамыз: www.rvl.kz

Актуальные новости