Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директорының қолдауымен Қостанай облыстық филиалында зертханалық қызметтің ашықтығын арттыру, бейінді ұйымдармен өзара іс-қимылды дамыту және ветеринариялық диагностиканың заманауи мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараға КМК «Ветеринариялық станция» мамандары, ауыл шаруашылығы колледжінің өкілдері, өңірдің тауар өндірушілері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында қызмет атқаратын мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қонақтар үшін зертхананың негізгі құрылымдық бөлімшелері бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларға сынамаларды қабылдау, жануарлар ауруларын диагностикалау және тағам қауіпсіздігі бөлімдерінің жұмысы көрсетіліп, зертханалық зерттеулерді жүргізудің негізгі кезеңдері таныстырылды.
Филиал мамандары зертхананың қызмет бағыттары, жүргізілетін зерттеулер, қолданылатын диагностикалық әдістер және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету, жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылау және аса қауіпті жануарлар ауруларының таралуының алдын алуда зертханалық зерттеулердің маңызына ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар диагностикалық зерттеулер жүргізуде қолданылатын заманауи зертханалық жабдықтардың жұмысымен танысып, зертхананың мүмкіндіктері, көрсетілетін қызметтер спектрі және ветеринариялық зертханалық қызметті одан әрі дамыту перспективалары туралы ақпарат алды.
Ашық диалог аясында филиал мамандары келушілердің сұрақтарына жауап беріп, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ зертханалық бақылаудың сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ашық есік күнін өткізу ветеринариялық қызмет, білім беру ұйымдары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, зертханалардың қызметі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға және Қазақстан Республикасының ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімді күшейтуге ықпал етеді.








