2024 жылдың 24 маусымынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ПХВ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы CDC (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) және USAID қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері мамандарына қолданбалы эпидемиология бағдарламасы бойынша оқыту жүргізеді.
Республикалық ветеринариялық зертхананы стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді бағалау және сыртқы байланыстар бөлімінің аға сарапшысы Алия Саратовна Сырғабекова ұсынды.
Бір денсаулық бағдарламасы (One Health — Frontline FETP) адам, жануарлар және қоршаған орта өзара іс-қимылының түйінінде зооноздық аурулар мен басқа да қауіптерге қарсы күрес әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Бұл оқу адамдар мен жануарлар арасындағы қауіпті инфекцияларды бақылауды күшейту үшін, сондай-ақ жаңа эпидемияларды болдырмау үшін қажет. Эпидемиологиялық, ветеринариялық және экологиялық қадағалау саласындағы құзыреттілікті дамыту, қоғамдық денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау арқылы қауіптерді уақтылы анықтауға және оларға жауап беруге көмектеседі.
Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экология саласындағы мамандар, инфекцияларды эпидемиологиялық, ветеринариялық және экологиялық қадағалаудың сапасын арттыру және эпидемияға уақтылы жауап беру үшін үш айлық далалық зерттеулермен оқытудан өтеді.













