Зертхана туралы

«Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысына сәйкес құрылды.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыру болып табылады:

Сондай-ақ кәсіпорынның мемлекеттік монополия функцияларымен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлеріне мыналар жатады:

Жоғарыда көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан ветеринариялық зертханалардың кеңейтілген желісі құрылды.

01

Орталық аппарат

02

14 облыстық филиал

3 өңірлік филиал

03

147 аудандық ветеринариялық зертхана

9 аймақтық ветеринариялық зертхана

04

23 сынама қабылдау пункті

Кәсіпорынның штаттық саны 2 000-нан астам бірлікті құрайды. Кәсіпорынның кадрлық құрамы жоғары білікті мамандардан тұрады.

Барлық зертханалар диагностикалық зерттеулердің классикалық әдістерін жүргізу үшін заманауи жалпы зертханалық жабдықтармен жабдықталған. Облыстық және өңірлік зертханалар қосымша иммуноферменттік талдау, полимераз тізбекті реакция (стандарттық нұсқада және нақты уақытта ПЦР), бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Кәсіпорынның облыстық және өңірлік зертханалары тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін зерттеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген: ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық мөлшерін анықтауға арналған масс-спектрометриялық детекторы бар жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы, вольт-амперометриялық анализаторлар, полярографтар, радионуклидтерді анықтауға арналған спектрометриялық кешендер және басқа да жабдықтар.

Кәсіпорынның облыстық және өңірлік зертханалары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС ұлттық аккредиттеу жүйесінде ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігі бойынша аккредиттелген. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (ILAC) ILAC MRA өзара тану туралы келісіміне қол қойған тарап болып табылады. Кәсіпорынның аккредиттелген сынақ зертханалары Кеден одағының Бірыңғай тізіліміне енгізілген.

2007 жылдан бастап кәсіпорында өзіндік метрологиялық қызмет жұмыс істейді. Аталған қызмет МемСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеуге арналған аккредиттеу аттестатына ие.

Байланыс

Астана қаласы, Республика даңғылы, 50/1

  • 2026 «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК. Барлық құқықтар қорғалған.