Бүгін: 20.06.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.Елшібаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. 2022 жылғы 1 тамызда «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.А.Елшібаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары өтті. Жұмыс сапары аясында «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.Елшібаев Ақмола облыстық филиалында болып, ветеринариялық зертхананың жұмысымен танысты. Филиал қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтіп, онда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түйткілді мәселелер де талқыланды.

 

2 тамызда РМК Оқу-әдістемелік орталығының базасында «Сынақ және калибрлеу зертханалары үшін ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2019 талаптарына сәйкес ішкі аудиторларды даярлау» курсы бойынша үш күндік семинар өтеді. Семинарға 《Республикалық ветеринариялық зертхана》 РМК барлық облыстық және облыстық филиалдарының жауапты қызметкерлері қатысуда.

28 шілдеде Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен Ұлттық зертханалық саясатты әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтуде

Отырыста ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері сөз сөйледі.

Ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының зертханаларын ведомствоаралық үйлестіру үшін саясат әзірлеу қажеттігін қолдады

    

Бүгінгі таңда Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК қарасты Қарағанды облыстық филиалының Жезқазған қаласы бойынша ауданаралық ветеринариялық зертханасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес келмейді.

2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департаментімен дәл осындай сәйкессіздік анықталып, Жезқазған қалалық сотының қарауына жіберілген. Соттың 2019 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен №3518-19-00-3/1266 ісі бойынша 176 750 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қоса, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен зертхана арнайы бұйрықпен Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарының сәйкестігіне тексерілген. Тексеру нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер ішінде негізгілерінің бірі – Жезқазған қаласы бойынша ауданаралық ветеринариялық зертханасы ғимаратында бейінді емес ұйымның (кафе, түнгі клуб) орналасқаны үшін 904 270 теңге айыппұл салынып, бұзушылықты 2021 жылдың 15 қазанына дейін жою туралы ұйғарым берілді.

Семинарға Орталық Азия мен Еуропаның: Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің ветеринария мамандары қатысуда. Қазақстаннан семинарға қатысушылар: Қазақстан Республикасынан Халықаралық эпизоотиялық бюроның делегаты Тюлегенов С.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің КВКиН Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Елшібаев Т.; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария КВКиН ұлттық референттік орталығының бас директоры Бердіқұлов М.; МЭК және ҚР Гпр Балық шаруашылығы комитетінің өкілі; «КазНИВИ» ЖШС өкілі. Бұл саладағы ынтымақтастық инновациялық шешімдерді ұсынуға, дұрыс және сенімді ақпарат беруге және аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.